Акция аясындағы шара

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл жыл бойы оқуға тұңғыш рет үш кітап таңдап алынды. Олар – Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітаптары. Осыған орай 27 сәуірде Мойылда ауылының көпшілік кітапханасы жергілікті мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне акция аясында әдеби шара өткізді.

Кітапханашы  Екатерина Васильевна Оспанова 2007 жылдан бері өтіп келе жатқан акцияның мақсатына тоқтала келіп, аталған үш жазушының шығармашылығы туралы айтты. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Айжан Төлеуова слайдқа сүйене отырып, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларының ой-идеясы және терең философиялық мағынасы туралы әңгімеледі. 8 сынып оқушысы Д.Үсембаев Шәкәрімнің бірнеше өлеңін мәнерлеп айтып берді. Мектептің кітапханашысы Б.С.Мүкенова жыл кітаптарына арналған шағын викторина өткізді. Шараға 30 адам қатысты.

Комментарии запрещены.