Бірлігі жарасқан ел

26 сәуірде №8 көпшілік кітапханасы №23 мектептің 9 «б» сынып оқушыларына Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тәрбие сағатын өткізді.

Кітапханашы Надежда Николаевна Дьячкованың сөзінен балалар Қазақстанда Елбасының бастамасымен 1995 жылы Ассамблея құрылғанын, қазірде Павлодар облысында 23 этномәдени бірлестік пен армян, әзербайжан, болгар, белорусь, грек, чуваш және басқа да 13 филиал жұмыс істейтінін білді. Оны слайд-презентация, «Бірлігі жарасқан ел» бейнефильмі мен кітап көрмесі толықтыра түсті. Шара соңында еліміздің ең басты құндылығы – халықтардың бірлігі мен достығына арналған викторина өткізілді.35 адам қатысты.

Комментарии запрещены.