«Ұлыстың ұлы күні» мерекелік бағдарламасы

Наурыздың 19  күні Орталық балалар кітапханасының  оқу залында №5 мектептің оқушыларына «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік бағдарлама өтті.

Жүргізушілер С.Д.Нургалиева  мен Е.Ю. Борякина  мереке туралы айтты. Одан кейін «Наурыз — көктем» атты әні шырқалды. Балалар «Қазақтың салт – дәстүрі» атты викторина сұрақтарына жауап беріп, жұмбақтар шешті. Мерекеге қонақ ретінде Ақ Әже келіп, оқушыларға «Бесікке салу»  дәстүрін көрсетті.

Алдар көсе (Самчук О.А)  балалармен  қазақ халқының бірнеше ұлттық ойынын  өткізді. Балалар ойынға қызығушылықпен  қатысты. Ойыннан кейін қонақтарға  «Алдар Көсенің шайтанмен жолдас болуы» атты қуыршақ театрының қойылымы көрсетілді. Іс- шараның соңында Ақ Әже балаларға бата беріп, «Шашу» шашты. Шараға 18 адам қатысты.

Комментарии запрещены.