Думанды Әз наурыз

19 наурызда №8 көпшілік кітапханасы №23 мектептің оқушыларына арналған Наурыз мерекесін өткізді. Оқушылар кітапханашы  Қатира Мажитқызы Дүйсембекованың «Наурыз – жыл басы» атты әңгімесінен мерекенің тарихымен, оның өзіндік ерекшеліктерімен танысты. А.Абдрахманова және А.Әлімқұлова сынды оқушылар Әз наурыз туралы өлеңдер оқыды. Кітапханашы  Надежда Николаевна Дьячкова жыл басы туралы викторина өткізді. Балалар  «Сақина салу», «Тақия тастамақ», «Оқтау тартыс» сияқты ұлттық ойындарға белсене қатысты. Белсенділерге шағын сыйлықтар берілді.

Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, Қыдыр ата жиналғандарға Жаңа жылдық тілек білдірді, шашу шашылды. 50 адам қатысты.

Комментарии запрещены.