«Қош келдің, әз-Наурыз» мерекесі

20 наурыз күні № 4 көпшілік кітапхана оқу залында Ұлыстың ұлы күні наурызға арналған «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мереке өткізілді. Кітап көрмесі қойылды.

Кітапханашылар Бақтылы Көшербайқызы Кусанова және Айнұр Сәрсенбайқызы Амирова  келген қонақтарды құттықтаудан бастады. Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! деп тілек білдіріп, наурыз дәстүрі туралы айтып өтті.

Шашу шашылып, №18 мектептің  оқушысы Ева Файт наурыз жырын жатқа айтып берді. Әрі қарай мереке «Бауырсақ» байқауымен жалғасты. Келген қонақтардың барлығы байқауға қатысты. Қатысқандар — Уалитова А., Вагнер Б., Кабдуллина Б., Мухамеджанова Д., Смагулова Г., Талипова З., Бирюкова Е. 1 орынға Уалитова Аиша иеленді. 2 орын Мухамеджанова Дәметке берілді. 3 орынды Смағұлова Гүлнәр алды. Қатысқан қонақтарға кішігірім сыйлықтар таратылды. «Бауырсақ» байқауы аяқталған соң қонақтар дастарқанға шақырылды. Наурыз көже таратылды. Балалар «асық ату» ойынын ойнады. Қонақтармен викторина, мақал-мәтелдер өткізіліп, жұмбақтар шешілді. Қатысушылар ризашылықтарын білдіріп тарқасты. Қатысушылар – 20 адам

Комментарии запрещены.