Наурыз — көктем, Наурыз – той!

Іс-шара 16 наурызда №10 көпшілік кітапханасының оқу залында белсенді оқырмандар мен
№24 мектептің 4-сынып оқушылары арасында өтті. Шараны қазақ тілінде ұлттық киім киген 4 «А» сынып оқушылары — Баймуратова Анель және Жұмабекова Айнұр кітапханашы Т.Магмурованың жетекшілігімен жүргізді. «Наурыз-Думан» әнінің бейнеклипі бәріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Содан кейін Таслима Теміртасқызы «Шашу» дәстүрін өткізді. Ал жас жүргізушілер Наурыз мерекесі туралы әңгімелеп берді, олар ертеректе қалай аталып өтілгенін, біздің күндерімізде қалай мерекеленетінін атап өтті. Олардың әңгімесі өлең-жырлармен толықтырылып отырды. Балалар салт-дәстүрлер жайлы өз білетіндерін айтып берді.

Әдеттегідей іс-шарада әндер шырқалып, билер биленді, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Домбырасыз қазақ мерекесі өткен бе? Жас домбырашы Канон Мадияр Құрманғазының күйін тартып, бата беру дәстүрін көрсетті. Кітапхананың жас қонақтары ұлттық ойындарға белсене қатысып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.

Думанды наурыз мерекесі дастархан басында жалғасып, көңілді әзілдер айтылып, жұмбақтар жасырылды.

Кітапханадағы наурыз тойы балалардың көңілінен шықты. Шараға 21 бала қатысты.

12-1.th.jpg 13.th.jpg 15.th.jpg

Комментарии запрещены.