КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті әріптестер!!! Сіздерді 15 қазан – Кітапханашылар күнімен құттықтаймыз! Кітапханашылар қауымы барлық жұртшылық үшін рухани жаңалық алыбы, жаңа леп, жайсан көзқарас жаршысы. Адамзаттың бүкіл дамуы барысында қалыптасқан ақыл-ой, рухани жетістіктерін жүйелі түрде жинақтап, сақтау, оны халық игілігіне жаратуда кітапхана қызметкерлерінің үлесі зор! Сіздерге…

Толығырақ

«Егемендік күні — тарихи қадам»

«Егемендік күні — тарихи қадам» атты дөңгелек үстел 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлттық мереке, Республика күні. Осыған орай біздің кітапханада…

Толығырақ

«Бала жанының бағбаны»

20 қазан күні Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында ақын Қазақстанның халық жазушысы, Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бала жанының бағбаны» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейімдік мектебінің 5 «а» сыныбының оқушылары қатысты. Ұйымдастырылған…

Толығырақ

«Жаманбалинов оқулары»

19 қазан күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық білім беру бөлімі бірлесіп балалар жазушысы, ақын Мүбәрак Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Жаманбалинов оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізді. Қазылар алқасының құрамы: Жұматов Ғалымбек…

Толығырақ

«Тағдырымыз да, тілегіміз де — бір»

18 қазан күні № 2 балалар кітапханасы 8-ші шағын ауданының ардагерлер кеңесімен бірлесіп Рухани келісім күніне арнап «Тағдырымыз да, тілегіміз де — бір» атты диалогтық кездесу өткізді. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға-рухани келісімінің алғашқы әлемдік конгрессі өткен 1992 жылдан бастау алады.…

Толығырақ

«Дәстүр. Руханият. Жаңғыру»

«Дәстүр. Руханият. Жаңғыру» дөңгелек үстел 17 қазан күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханада Ертіс-Баян өңірінде 19 ғасырдың ортасынан 20 ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі діни тұлға Ғабдулуахит Хазіреттің 170 жылдығына арналган «Дәстүр. Руханият. Жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде рухани құндылықтарды калыптастыруда…

Толығырақ