«Кітап арқылы ашылған әлем»

2022 жылы 27 қазанда М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен бірлесіп «Кітап арқылы ашылған әлем» жобасы аясында үшінші турының үшінші кезеңі өткізілді.  Қазақтың белгілі ақыны, жазушы, аудармашы, екінші дүниежүзілек соғыс ардагері Жұмағали Саиынның 110 жылдығына орай жазушының өлеңдерін мәнерлеп оқып келу тапсырмасы берілді.  Оқушылардың  мәнерлеп оқу сайысына әділ баға беретін әділ қазылар алқасы тағайындалды: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Павлодар қаласының құрметті азаматы, ақын, журналист Шолпан Байғалықызы, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сарыбаева Баян Жұмашевна.  Шараға Павлодар қаласының 21 жалпы білім беру мектептерінің 4 сынып оқушылары қатысты. Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы 2022 жылдың 3 қарашада жарияланады.

Комментарии запрещены.