Қазақ халқының дарынды ұлы

Қарашаның 24 күні №2 орта мектептің 5 сынып оқушылары үшін жазушы, ағартушы Ыбырай Алтынсаринға арналған «Қазақ халқының дарынды ұлы» атты әдеби сағаты өткізілді. Балаларға кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ы.Алтынсариннің кітаптарына шолу жасалды. Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық викторинаға қатысты, өлең, әңгімелерін оқыды.

Комментарии запрещены.