«Шығамын тірі болсам адам болып»

23.11.2022 ж. орталық қалалық кітапханасы С.Торайғыров атындағы № 28 ЖОБМ-мен @pr_s.toraigyrov_mektep_pvl бірлесіп мектепке Сұлтанмахмут Торайғыровтың есімі берілуіне байланысты жерлес ақын-жазушының шығармашылығына орай ақпарат сағаты өткізді. Абайдан кейін қазақ әдебиетінде әр жанрда еңбек еткен , талантты ақын –жазушы  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, ақынның шығармаларының  мазмұнын, көркемдігін, құрылысын, тақырыбын ашу . С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін тереңдете түсіндіріп оқушылардың ой-пікірін арттыру мақсатында өлеңге талдау жасалынды.  Бұл өлеңнің мазмұны арқылы өмірдегі басты мақсаттарын анықтап, тәрбиелік маңызын түсінүге баулу. Сонымен қатар  С.Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы туралы викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар өз ойларыңды еркін жеткізіп белсене қатысып отырды.

Комментарии запрещены.