«Кішкентай перизат» конкурсы

6 наурыз күні Орталық балалар кітапханасында  «Кішкентай перизат» конкурсы өтті. Кітапхананың бұл күнгі қонағы  №5 мектептің 4 сынып оқушылары  болды.

Жүргізушілер Е.Ю.Борякина мен О.С. Немлиенко балаларды Халықаралық әйелдер күнінің тарихымен таныстырды. Бұдан әрі қыздарды екі топқа бөлді. Олардың үй шаруашылығын жүргізуі, әзілдері мен тапқырлықтары бағаланды. Топтар «Этикет», «Түсін мені», «Эрудит — лото», «Дастарханның өрнегі», «Гүлдер тарихы», «Ананың көмекшісі», «Аксессуарлар» атты сайыстарда жарысты. Қыздар  адамның қоғамдық орындарда және  үстел басында өзін ұстау ережелерін айтып, балалар әндерін тауып шырқады, әлем халықтары мақал-мәтелдерінің орыс тіліндегі баламаларын тауып, дастарханның ою-өрнектерін салды, гүлдердің атауларын еске түсірді және шарфтарды әдемі етіп тақты. Шараға 18 адам қатысты.

Комментарии запрещены.