«Қане-ки, қыздар!» сайысы

6 наурыз күні №6 балалар кітапханасының қызметкерлері «Сауран» клубының балаларына 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қане-ки, қыздар!»  сайысын  өткізді.

Мақсаты: балалардың творчестволық және актерлік қабілеттерін дамыту, әйел адамға сүйіспеншілік пен алғыс айта білуді тәрбиелеу, мерекелік көңіл- күй сыйлау.

Шараны жүргізген кітапханашы Нағима Бекболатқызы Ақшолакова  мен ұл балалар қыздарды  өлең жолдарымен құттықтады. Қыздар арнайы сайысқа қатысты. Олар «Жауқазын» және «Бәйшешек» болып екі топқа бөлінді. Әділ қазылар  үш ер бала болды.

Қыздар  «Көктем жұмбақтары», «Тағамның түрлері», «Болашақ», «Көктем» тақырыбына сурет салды, «Сән көрсету», «Би билеу» сайыстарына қатысып,   білімдері мен өнерлерін көрсетті. Қазылар ұпайларды санап, достық жеңді деп шешім қабылдады.  Қызықты әрі көңілді өткен іс-шараға 25 адам қатысты.

Комментарии запрещены.