«Ананың күні» атты ертеңгілік

Наурыздың 6 күні Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында №4 балалар кітапханасының әдемі безендірілген оқу залында «Ананың күні» атты ертеңгілік өткізілді. Оған тұрақты оқырмандар мен зейнеткер кітапханашылар шақырылды. Кітапханашылар жиналғандарды 8 наурыз — көктем мерекесімен құттықтады. 1910 жылдан бастап Клара Цеткиннің бастамасымен 8 наурызда бұл мереке
өткізіледі. Әйелдер өз құқықтарын алып, ер адамдармен қатар қызмет атқарып, белгілі бір органға сайлана және сайлай алады. 4 сынып оқушылары: Рыспаева Адина, Плитко Марина, Нигматулина Арина ана, әже, туған жер туралы өлеңдер оқыды. Сондай-ақ викторина мен ойындар ұйымдастырылды. Шара үстіндегі әңгіме шай дастарқаны басында жалғасты. Қонақтар кітапханашыларға өздеріне көрсетілген құрмет үшін алғыс білдірді.

12 адам қатысты. 

20180302_152650.th.jpg 20180310_162952.th.jpg 20180310_172421.th.jpg

Комментарии запрещены.