Кітапханашылар семинары

13 ақпанда толымдау және әдебиеттерді өңдеу бөлімі кітапханашыларға арналған «Филиалдарда жарамсыз деп жазуға қойылатын талаптар» атты семинар-тренинг өткізді. Мақсаты: кітапхана қорынан құжаттарды алып тастауға акт жасау әдістемелерін үйрету.
Міндеттері:

а) «Мемлекеттік кітапхананың кітап қорын есепке алу және жарамсыз
деп жазу нұсқаулығына» талдау жасау;

б) акт жазу әдістемесін үйрету.

Семинар-тренингті өткізу барысында мынадай мәселелер қаралды:

1) Қордан құжаттарды алу себептері;

2) Филиалда жарамсыз деп жазудың жаңа талаптары («Нұсқаулыққа…» талдау);

3)Жарамсыз деп жазуға құжаттарды ресімдеу және беру тәртібі.

Толымдау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Наталья Владимировна Абузарова кітапхана
филиалдарының қорынан құжаттарды алып тастау себептерін жеке-жеке атап
көрсетті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа құжаты
негізінде әзірленген соңғы әдістемелік құралға талдау жасалды.

Енгізілген өзгерістер мен қатаң талаптарға сәйкес жарамсыз деп жазудың барлық жұмыс кезеңі егжей-тегжейлі қаралды. Оны ресімдеу үлгілері көрсетілді.

Тренингтің екінші практикалық бөлімі іскерлік ойын түрінде өтті. Онда әрбір қатысушы
есептен шығарылатын басылымдардың салалары, тілі мен түрлері бойынша актіге
қосымша таблицаны толтыру керек болды. Кім тез әрі қатесіз толтырғанына басты
назар аударылды. Іскерлік ойын мәжбүрлеусіз, жұмыс жағдайында өтті.
Тапсырмаларды орындау барысында туындаған сұрақтарға нақты жауап берілді.

Қорытынды:
құжаттарды қордан шығару жұмысы мынадай істерден тұрады: а) комиссияның қарауына
жарамсыз деп жазуға тізім дайындау; б) шығарылатын құжаттарды қайта есептеу; в)
акт жазу; г) салалық таблицаны толтыру; д) актіні ОКЖ КММ басшысының, мәдениет
және қаржы бөлімдерінің басшылары бекітуі

Әрбір семинарға қатысушы мынадай әдістемелік құралдар алды: «Мемлекеттік кітапхананың кітап қорын есепке алу және жарамсыз деп жазу нұсқаулығы» (ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2015 №374 бұйрығы); буклет: «Жадынама: Кітапхана
қорынан құжаттарды шығару» (қаз. ж. орыс т.); «Кітапхана қорынан құжаттарды
шығару: әдістемелік нұсқаулар» (орыс т.); жарамсыз деп жазу үлгілері (қаз. және
орыс т.); мерзімді басылымдар жағдайы таблицасы (жарамсыз деп жазу үшін); әр
филиал бойынша (жарамсыз деп жазу үшін) кітаптардың, брошюралардың, ЭР, АВМ сала, тілі бойынша және балаларға арналған
таблицалар. 

Комментарии запрещены.