Жолдауды талқылады

12 ақпан күні № 15 көпшілік кітапханасында
кітапхананың тұрақты оқырмандарымен Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды.

Шараны жүргізген кітапханашы Кабылова Айгерим Барлыкхановна биылғы Жолдауында жаңа
әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін Елбасы 10 негізгі міндет қойғанын ерекше атап өтті.

Бірінші. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы
тиіс. Екінші. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. Үшінші. «Ақылды технологиялар» — агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Төртінші. Көлік – логистика инфрақұрылымының тиімділігін
арттыру. Бесінші. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды
енгізу. Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». Жетінші. Адами капитал –
жаңғыру негізі. Сегізінші.Тиімді мемлекеттік басқару. Тоғызыншы. Жемқорлықпен
күрес және заңның үстемдігі. Оныншы. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Кітапхана ұжымы және оқырмандар әрқашан Елбасының Қазақстан халқына, ел болашағының дамуы мен өсіп-өркендеуіне бағытталған міндеттерді орындау үшін қоғам мен халқымыз қолдайтынын, бірлігі мен тірлігі жарасқан ел сол межелерге жететініне сенімді екенін атап өтті. Шараға 7 адам қатысты.

1708bf29a7d2f4068.th.jpg 2a14b157b3cae664e.th.jpg

Комментарии запрещены.