«Ауғанстан – жүректегі жара» кездесу кеші

Павлодар қаласының № 2 шағын ауданының Ардагерлер кеңесімен бірлесіп
№17 көпшілік кітапханасы 13 ақпанда «Ауғанстан – жүректегі жара»
атты кездесу кешін
өткізді. Бұл кешке Ауған соғысының ардагерлері – Мұстафин Оразбай Жасауұлы, Жүнісов Мұратбек Сұлтанұлы және Сағындықов Марат Нұрмұхамедұлы қатысты. Отан үшін жанын пида еткен қайсар жауынгер ағаларын еске алу, олардың ерлігін мақтанышпен үлгі тұту, жастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту, бұл соғыста қаза тапқан ер азаматтардың есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында өткен осы кешті кітапханашы А.Хайсина жүргізді.

Интернационалист жауынгерлермен кездесуге келген №2 мектептің 8 сынып
оқушылары өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, Отан алдындағы борышын адал атқарған, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман азаматтар туралы және осы соғысқа қатысқан біздің батыр жерлестеріміз туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Осы тақырыпқа арналған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Қатысқандар саны — 17 адам.

190aecaa155e3a9e9.th.jpg 2c69da60461ab6c0d.th.jpg

Комментарии запрещены.