Қиялгер жазушыға арналған кеш

2 наурыз күні №2 балалар кітапханасында №42 мектептің 4 «В» сыныбының оқущыларына  Ж. Верннің 190 жылдығына арналған әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: ғылыми-фантастикалық роман жанрының және шытырман оқиғалы романның негізін қалаушылардың бірі — танымал француз жазушысы Жюль Верннің  кітаптарын насихаттау.

Кітапханашы Корюкина Любовь Павловна Жюль Верннің  66 роман, 20 повесть пен бірнеше әңгіме жазғанын, шығармалары  әлем халықтарының 148 тіліне аударылғанын айтты.

Жюль Верн техникалық  болжам саласында көреген маман болған. Сүңгуір қайық, авиация, дыбысты кино, Айға ұшуды,  жетіқат Жер астына түсуді қиялдаған. Замандастары  оны «бүкіл дүниежүзілік саяхатшы», «көріпкел», «әулие» деп атаған. Жюль Верннің бойында үш қасиет болған. Ол  шындыққа негізделген ғылыми-фантастиканың негізін қалаушы, саяхат пен шытырман оқиғалы шығармалар жазудың тамаша шебері және ғылыми жетістіктерді насихаттаушы. Ол «көріпкел» де, «әулие» де емес. Оның кейіпкерлері өмірдің өзі алға қойған міндеттерді — ғылыми-техникалық прогресті дамыту ісіне атсалысты.

Өнертапқыштар, инженерлер мен құрылысшылар қалалар салады, өмірді ұзарту жолдарын іздестіреді, электр аспаптарын ойлап табады, жердің ішкі жылуын, күннің, желдің, теңіздің қуатын тұрмыста қолдануды армандайды. Жюль Верн кітаптарын жазған кезде  Арктика әлі ашылмаған, жер белдеулері әлі анықталмаған, Орталық Африка, Памир, Тибет, Антарктида зерттелмеген болатын. Жюль Верннің кейіпкерлері жағрафиялық ерліктер жасап, керемет жаналықтар ашады. Әлемді түбегейлі жаңғырту —  Ж. Верн творчествосының негізгі арнасы болды. Оның қиялы ғылыммен біте қайнасып, ажырамас бір бөлігіне айналды.

Балалар «Капитан Гранттың балалары», «Сиқырлы шам», «Құпия арал» буктрейлерін қызыға тамашалады. Арнайы дайындалған кітап көрмесінен қиялгер жазушының шығармаларын ғана емес, сонымен бірге қазақ және орыс тілінде жарық көрген көркем суретті, танымды энциклопедиялармен танысты. Шараға 20 оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.