«Ертедегі батырлар, айтусыз-ақ табыңдар» әдеби викторинасы

5 шілдеде №4 көпшілік кітапханасы Қалижан Бекхожин атындағы мектептің жанындағы демалыс лагеріндегі балаларға «Ертедегі батырлар, айтусыз-ақ табыңдар» әдеби викторинасын өткізді. Шараны жүргізген кітапханашы Аликенова Алия Ермекқызы халық фольклоры, ертегілердің өнегелік мәні мен түрлері туралы әңгімеледі. Шара барысында кітапханашы «Ертегі кейіпкері» ойын сайысын өткізді, онда балалар қазақ, орыс және әлем ертегілерін еске түсірді.

Комментарии запрещены.