«Ахмет Байтұрсынов – Ұлт ұстазы» әдеби сағат

     2022 жылдың 25 ақпанында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында №4 балалар кітапханасының кітапханашылары №2 орта мектеп кітапханашыларымен бірлесіп 7 «А» сынып оқушыларына «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» атты әдеби сағатын өткізді. Биылғы акция Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығына арналған. Жүргізушілер Дусембай Даяна мен Қабылешова Жансая Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімеледі. Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынов туралы слайд-презентациялар көрсетілді. Оқушылар Кенжебек Жалғас пен Олжаш Еркежанның «Оқуға шақыру» және «Жазылған сөз..» атты өлеңдерді оқып шықты. Кітап көрмесіне шолу жасалды. №2 орта мектебінің кітапханашысы С.К. Макажанова  викторина өткізді. Белсенді қатысқаны үшін балалар сыйлықтарға ие болды.

Комментарии запрещены.