«Ерлігің еліңнің мәңгі есінде» ерлік сағаты

3 тамыз күні №2 балалар кітапханасының қызметкерлері «Жас Толқын» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілеріне және кітапхана оқырмандарына арнап ұшқыш-штурман, Қазақстанның авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ерлігің еліңнің мәңгі есінде» ерлік сағытын өткізді. Кітапханашы батыр атамыздың өмірбаянына шолу жасады, Ұлы Отан соғысындағы ерлігі жайлы әңгімеледі. Келген қонақтар «Жаудан елді қорғады Талғат Батыр» кітап көрмесімен танысып, бейнефильм тамашалды.

Комментарии запрещены.