Бағдаршамда демалыс жоқ

2022 ж.1 және 7  маусымында балалар кітапханасының оқу залында № 2, № 43 ЖОББМ мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған «Бағдаршамда демалыс жоқ» іс-шарасы өткізілді, онда балаларды жол жүру ережелерімен таныстырды. Іс-шараға «Білу керек» атты тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашылар жолдың қандай қауіпті екенін және жол ережелерін білмеу жаман салдарға әкелетінін айтты. Балалар жолдағы жүріс  ережелері туралы пайдалы ақпарат алды және «Бұл Мен, бұл Мен, бұл менің барлық достарым», «Рұқсат етіледі – тыйым салынады», «Иә және Жоқ», «Бағдаршам» ойындарына қатысып, алған білімдерін бекітті. Сондай-ақ балалар бағдаршам, жаяу жүргіншілер өткелі, көлік түрлері туралы жұмбақтар шешті.

Комментарии запрещены.