«Дәуір және дара тұлға»

«Атамекен» мақсатты бағдарламасы аясында Бұқар Жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай 17 сәуір күні № 4 балалар кітапханасының  және № 2 орта мектептің кітапханашылары бірлесіп 8 сынып оқушыларына «Дәуір және дара тұлға» атты портрет кешін өткізді. Шараға Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының басқарма мүшесі, аудармашы Сатыбалдин Серік Қинаятұлы қатысты. Оқушыларға Бұқар Жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, өлеңдері оқылды, «Ұлы ағартушы» атты слайд дайындалды, кітап көрмесіне шолу жасалды.

 

Комментарии запрещены.