«Өр рухты Махамбет»

Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапханада отаршылдыққа қарсы, халықтық-азаттық көтерілісті ұйымдастырушылар мен идеологтардың бірі — Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында ақынның өмірбаяны туралы нақты ақпарат көздерінен мәлімет берілді. Өтемісовтың идеологиясы оның халық көсемдерінің бостандығын, әділдігін,  батырлығын жырлаған шығармаларының негізінде құрылды.  Шығармалары оның терең  патриоттық мағынада болды.Іс-шарада ақынның бірнеше   өлеңдері оқылды. Дөңгелек үстел өте қызықты және  мазмұнды болды. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтар қойылды. Өлеңдерді № 24 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары оқыды. Іс-шараға ақынның өлеңдері жазылған кітаптар қойылған көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шарадан кейін қатысушылар оқу үшін ақынның кітаптарын үйге алды.

 

Комментарии запрещены.