«Бүкіл елмен оқимыз»

«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында № 3 көпшілік кітапханада 20.02 сағат 12.00-де «Бүкіл елмен оқимыз» атты әдеби кеш өтті. Биылғы жылы «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз. Бердібек Соқпақбаевқа «Менің атым Қожа» хикаясы үлкен абырой әкелді. Кітап «Балалар әдебиеті» баспасында, кейін орыс тілінен әлемнің 68 тіліне аударылып, шетелде жарық көрді. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды жазушының шығармашылығымен таныстыру, классикаға айналған «Менің атым Қожа» шығармасы туралы әңгімелеу, оқуға деген қызығушылықты оятуға, көркемдік дағдыларды дамытуға жәрдемдесу. Іс-шара барысында көркем фильмнің үзінділері көрсетіліп, іс-шараға қатысушылар кейіпкерлердің мінезі, мұғалімдерге, үлкендерге құрметпен қарау туралы өз пікірлерімен бөлісті. Оқиғаның үзінділері оқылды. Соңында кітапханашы Б. Соқпақбаевтың «Балалар әдебиетінің атасы» атты шығармашылығы бойынша кітап көрмесімен таныстырды.

Комментарии запрещены.