«Кино өнерінің Маэстросы — Шәкен Айманов»

20 ақпан күні Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме кітапханасында белгілі қазақ театр және кино актері, кинорежиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Кино өнерінің Маэстросы — Шәкен Айманов» шығармашылық сағаты өтті. Кітапханашы режиссер мен сценаристің өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтып, оның «Махаббат туралы аңыз», «Алдар көсе», «Атамекен», «Найзатас етегінде», «Біздің сүйікті дәрігеріміз» және «Тақиялы періште» көркем фильмдері Қазақстан ұлттық кино өнерінің комедиялық жанрын дамытудағы ерекше ізденістерімен ерекшеленетінін атап өтті. Қатысушылар Шәкен Аймановтың шығармашылығы туралы пікірлерімен бөлісіп, сүйікті режиссердің фильмдерін қызығушылықпен талқылады. Шара соңында кітапханашылар кітапхана қорынан кітап көрмесіне шолу жасап, «Шәкен Аймановқа арналған» деректі фильмін көрсетті.

Комментарии запрещены.