«Шәкен Айманов — қазақ кинематографиясының негізін салушы»

19 ақпан күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында режиссер, актер Ш. Аймановтың 110 жыл толуына орай «Достық» ауылдық ардагерлер хорына «Шәкен Айманов — қазақ кинематографиясының негізін салушы» атты киноөнер сағаты өтті.
Кітапханашылар Ш. Аймановтың өмірінен көптеген қызықты деректелер айтты. Қазақ киносының алтын қорында өз орнын алған оның режиссерлік және актерлік жұмыстары болғанын және оның фильмдері «Дала қызы», «Махаббат туралы аңыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», «Тақиялы періште» тағы басқа кинолары бар екенін айты. Кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.