«Балалардың сүйікті досы» әдеби сағаты

Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының коворкинг залында «Рухани жаңғыру» жобасы шеңберінде № 19 мектептің  5 сынып оқушыларына белгілі ақын Ескен Елубаевқа арналған «Балалардың сүйікті досы» атты әдеби сағаты өткізілді. Оқушыларға қазақ балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ақынның бірі — Ескен Елубаевтың өмірі мен шығарашылығы жайлыайтылды. Шара барысында № 19 мектептің 5 сынып оқушылары ақынның   өлендерін мәнерлеп оқыды. Шараға «Балалар әдебиетінің атасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,«Тапқырларға тапсырма»,  «Жаңылтпаштар мен жұмбақтар», «Метаграммалар»,  «Логогрифтер», «Омофондар» кезеңдерінен тұратын ойындары өткізілді. «Саған күшік керек пе?» фильмінен үзінді көрсетілді.

Комментарии запрещены.