«Халықтың рухани жаңғыруы» ақпарат сағаты

Рухани жаңғыру, яғни, кезкелген қоғамның, ұлт болмысының мәдени дамуы мемлекеттің рухани өміріндегі қоғамдық сана түрлерінің заман талабына сай жетілуі арқылы көрінеді. … Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, ұлттық сана жеке адамды халықпен, халықты мемлекетімен, мемлекетті тарихпен, болашақ пен байланыстырып отыратын дүние.

Рухани – әлеуметтік құндылықтардың жиынтығы.Әрбір елде халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Қазақ елінде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Осындай қасиетті орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің болашағы жас ұрпаққа тереңірек таныстыру маңызды.Ұрпақ тәрбиесі – ата-бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі.

Комментарии запрещены.