Балалар жазушыларына арналған шара

27 наурызда №4 көпшілік кітапханасы Балалар кітабы апталығы аясында шағын аудан балаларына танымдық бағдарлама өткізді.

Шараны жүргізген кітапхана меңгерушісі Гүлнар Декдарбековна Мұхтарханова балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айта келіп, Е.Елубаев, Н.Носов, А.Барто, М.Әлімбаев, М.Жаманбалинов және К.Чуковский сияқты жазушылар мен ақындардың творчествосына тоқталды. Балаларға арналған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Ойламаған жерден келген Мыстан кемпір (кітапханашы А.С.Әмірова) қызықты викторина өткізіп, ертегілердің кейіпкрелері туралы жұмбақтар жасырды. Шараға 15 адам қатысты.

Комментарии запрещены.