Ертегілер еліне саяхат

27 наурызда Мойылды ауылының көпшілік кітапханасы балабақшаның мектепке дайындық тобының бүлдіршіндеріне ертегілерге арналған ойын шарасын өткізді. Бүлдіршіндер әсем безендірілген кітаптарды аударыстырып қызықтады. Кітапханашы Екатерина Васильевна Оспанова ертегілер туралы айта келіп, қандай ертегілерді білетіндерін сұрады. Бүлдіршіндер үлкендерден естігендерін айтты. Кітапханашы алдымен қазақ халық ертегілеріне, сосын орыс халық ертегілеріне тоқталып, олардың қысқаша мазмұнын аша отырып, басты кейіпкерлердің жақсы және жаман істеріне балалардың назарын аударды. Шара соңында бүлдіршіндерден қай ертегі ұнағаны, қандай кейіпкерге ұқсағысы келетіні туралы сұрақтар қойылды. Сол арқылы ертегілердің адам өміріндегі маңызы туралы ортақ қорытынды шығарылды. 15 болашақ мектеп оқушысы қатысты.

Комментарии запрещены.