Жюль Вернге  арналған әдеби ойын

 

Балалар кітабы мен музыкасының апталығы шеңберінде, жазушы Ж. Верннің туғанына 190 жыл толуына орай 28 наурызда № 5 балалар кітапханасында «Жюль Верн — шытырман оқиғалар шебері» әдеби ойыны өткізілді. Мақсаты: белгілі француз жазушысы, географ Жюль Верннің шығармашылығын насихаттау. Қатысушылар жазушының өмірбаянымен және кейбір шытырман  оқиғалы шығармаларымен танысты.  Балалар  жазушының «Капитан Гранттың балалары», «Он бес жасар капитан» кітаптарынан қызықты үзінді тындады. Классиктің шығармалары негізінде викторина-әңгіме, ойындар өткізілді. «Шытырман оқиғалы шығармалар шебері» атты инсталляция-көрме жасалды. Шараға 9 адам қатысты.

Комментарии запрещены.