«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

2024 жылы  30 сәуір күні «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы  Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу мақсатында № 4 көпшілік кітапхана қызметкерлері, №18 мектептің 7 сынып оқушыларына «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдебиет сағатын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашылар  жазушы қаламгердің өмір жолы және шығармалары туралы ақпарат берді.  Бердібек Соқпақбаев — 13 қазан 1924 жылы,  Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылына дүниеге келген.  Қазақ прозасына ерекше леп әкелген қаламгер. Жазушы қаламынан шыққан кез келген туынды оқырманды баурап алады. «Менің атым Қожа» повесі бойынша «Қазақфильм» киностудиясында көркем фильм түсіріліп, 1967 жылы Канн қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Оқырмандар назарына кітапхана төрінде «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қаламгердің әр жылдары жарық көрген «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат», «Чемпион», «Жекпе-жек» және т.б. туындылары  қойылып, шолу жасалды. Шара соңында оқушылар Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына қызығушылық танытып, кітаптарын оқуға ниет білдірді.

Комментарии запрещены.