«Қазақ халқының батырлары»

Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеу қарсаңында, № 3 көпшілік кітапханада, 02 мамырда оқушылармен «Қазақ халқының батырлары» атты ерлік сабағы өткізілді. Балаларға қиын соғыс уақыты, сарбаздарымыздың ерліктері, тыл еңбеккерлері, жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан батырлар туралы айтып берді. Ересектер ғана емес, балалар да соғысқа қатысқан. «Мен соғыс туралы кітап оқимын, әкелер мен аталардың ерліктері есімде» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көрмеде соғыс батырлары мен олардың ерліктері туралы баяндайтын түрлі жанрдағы кітап басылымдары ұсынылды. Қаза тапқан батырларға құрмет көрсете отырып, іс-шараға қатысушылар оларды бір минут үнсіздікпен құрметтеді. Іс-шара соңында Ұлы Отан соғысы туралы сұрақтардан тұратын сұрақ-жауап өткізілді. Балалар сұрақ-жауап тапсырмаларын орындап, өз білімдерін, тапқырлықтарын көрсетті.

Комментарии запрещены.