«Отанымыз – ортақ үйіміз»

29.04.2024 ж. Қазақстандықтар жыл сайын 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мен татулық күнін атап өтеді. Бұл мереке 1995 жылдың 18 қазанында белгіленіп, мейрам 1996 жылдан бастап кеңінен тойланып келеді. 1995 жылы Қазақстан Республикасында Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды теңдессіз ұйым құрылды. Ол жалпы қазақстандық бірлік моделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және ұлттық мәселеде мемлекеттік саясатты іске асыра отырып, қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Міне, осы күнге байланысты 1 — мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі аясында «Отанымыз – ортақ үйіміз» атты тақырыптық кеші өтті.
Кеште Естай атындағы мәдениет сарайының әншісі Б. Жоламанов, Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармониясының әншілер. А. Ботаева мен М. Ысқақ қазақ халық әндерін нақышына келтіре орындаса, Халық казак ансамблі және «Поречье» фольклорлық студиясының әншілері халық әндерімен сусындатса, №5512 әскери бөлімінің сарбазы Е. Белотелов «Ерке сылқым» күйін орындады. Аталмыш шараға «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы»ММҚ-сі мен 5512 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы кітаптардан «Қазақстан — бірлік пен татулықтың мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Комментарии запрещены.