«Ауған жолдарымен»

14 ақпан күні №3 көпшілік кітапханасында «Ауған жолдарымен» атты патриоттық кеш өтті.

Мақсаты: патриоттық тәрбие беру, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Құрметті қонақтарымыз Аужанов Тимур Жасланұлы, Қасанов Ержан Алшинбайұлы, Әміров Кенжебай Мүбаракұлы Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысушылар шақырылды. Олар үшін бұл есте қаларлық күн, сол күндері қаза болған жолдастардың оқиғаларын еске алады. «Ауғандықтардың» ерліктері олардың қызметтік тізімдеріне енгізілген ғана емес, сонымен қатар наградалармен және әскери атақтарымен атап өтілді. Бүгін олар үшін № 33 мектеп оқушылары Куликова Арина, Сүлеймен Меруерт, Ханларов Елихан өлең оқыды. Әбілов Сұңғат және Туғаев Асланбек «Офицерлер», «Ауғандықтар» әндерін тарту етті.

Ауғанстандағы соғыс қимылдарының қатысушысы, жерлесіміз А. Казаковтың өлеңдеріне жазылған әндерді, авторлық әндер «Серебряные струны»  клубының мүшесі, кештің құрметті қонағы Әміров Кенжебай Мүбаракұлы орындады. Іс-шараға 50 адам қатысты.

Комментарии запрещены.