«Латын әліпбиіне көшу – болашаққа қадам жасау»

14 ақпан күні № 14 ЖОБМ-нің 5 сыныптың оқушыларына арнайы «Туған жер» Жобасын іске асыру аясында № 8 балалар кітапханасының ұжымы «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа қадам жасау» атты ақапарат сағаты өткізілді.  Шараның мақсаты –  латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, өзектілігі туралы тыңдаушыларымызға  терең мағлұмат беру, өзіндік пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете алатын және өз еліне пайдалы  бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленуге ұмтылдыратын елжандылыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Кітапханашы шара барысында Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын, мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. Қазақстанда латын әләпбиін еңгізу – реформалық бағдарламаның ең маңызды екені туралы айтылды.

Көрмемен танысушы кітапхана оқырмандары, жастар латын әрпінде жазылған құнды әдебиеттерді көріп, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатын шығармалармен танысты. Көрмемен танысу жыл аяғына дейін жалғасатын болады.

Комментарии запрещены.