«Майдангер жазушы- Кәмен Оразалин»

14  ақпанда № 21 ЖОБМ  8 «Б» сыныптың 17 оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Кәмен Оразалиннің 100 –жылдығына орай «Майдангер жазушы- Кәмен Оразалин» әдеби сағаты өткізілді. Мақсаты:  оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру.

Жүргізуші № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна балаларды  жазушы  Кәмен Оразалиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Кәмен Оразалин Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі. Балалар автордың «Кектем салқыны», «Кәмен», «Ақжазық», «Абайдан соң» романдарымен танысты. Оразалиннің Абай шығармашылығына, абайтану мәселелеріне қатысты «Данышпан ақын», «Абай аулында», «Абай туралы», «Абай» қолжазба журналы туралы» т. б. мақалалары мен «Абай аулына саяхат» деген очерктер жинағы жарық көрді. Жазушы еңбектерінде Абайдың қазақ халқы тарихында өшпес із қалдырған жемісті қызметін айтады. Абайтану ғылымының негізін салған жазушы

М. О. Әуезовтың еңбегін көрсетеді. Ақын ауылының өткені мен бүгінін, тіршілік-тынысын, көркем табиғатын баяндайды.  Шара соңынды кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.