«Ақиқаттың ақберені»

2023 жылғы 2 қараша күні Орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы Ж.М. Ташимова Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің кітапханасында «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында Қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған «Ақиқаттың ақберені» атты әдеби кешін өткізді. Әдеби кеште «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы, Төлен Әбдіктің өмірбаяны мен шығармаларының ішіндегісінен «Оң қол» мен «Қонақтар» шығармаларына тоқтала өтті және «Тұлға» деректі фильмнен үзінді көрсетілді, «Төлен Әбдік әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Комментарии запрещены.