«Әйелдер қолы керемет жаратылыс»

«Әйелдер қолы керемет жаратылыс» шығармашылық кездесу

7 қараша күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханасында «Сырғалым» жобасы аясында қолөнерші Сұңғатова Ғалия Балтабаевнамен шығармашылық кездесу өтті. Кездесу мақсаты: жастарға адам бойындағы құнды қасиеттер туралы айтып, бойларына сіңіру, қазақтың қолөнерін насихаттау. Шара барысында Ғалия Балтабайқызы нақышына келтіріп өрнектеп жасаған өзінің қолөнер туындыларымен таныстырып, мектеп оқушыларына рухани тәлім-тәрбиелік мәні зор ойын айтты. Қолөнер шебері өзінің тұрмысқа қажетті заттарын, киіз үй бұйымдарын таныстырып, шеберлік сыныбын көрсетті. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңесін айтты.

 

Комментарии запрещены.