«Өнермен өрілген өмір»

9 қараша күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкері №1 ЖОББМ- ның 5 сынып оқушыларына жерлесіміз ПМПУ ұстазы, сазгер Назымбек Дүкенбайдың 75 жылдығына орай «Өнермен өрілген өмір» музыка сағатын өткізді. Жүргізуші балаларға композитордың өмірбаяны және шығармашылығы, жазған әндері, ғылыми еңбектері, туралы әңгімеледі. Оқушылар сазгердің «Өнермен өрілген өмір» атты кітап көрмесін тамашалады, «Балаларға арналған әндер», «Астанам әсем – асқақ ән», «Жырлайды жүрек» және т.б. әндер жинақтарымен танысты. Балаларға ұстаздың  шығармашылығына арналған бейнебаяны көрсетілді,  сондай-ақ  «Айгөлек» әнін орындады.

Комментарии запрещены.