«Атамның аманаты»

27 қазан күні Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында Ақын Алақанұлы 80- жасқа толуына орай «Атамның аманаты» аты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Мақпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен танысты. Ақын Алақанұлы 1943 жылы туған. 1967 жылы Монғолияның мемлекеттік техникалық университетін жылу инженері мамандығы бойынша бітірген. 1992 жылы шілдеде Атамекенге оралған. 1992-2006 жылдары Кереку өңірінде аудандық, облыстық мекемелерде қызмет атқарып, құрметті демалысқа шықты.

Комментарии запрещены.