«Ахмет мұрасы — алтын қазына» А. Байтұрсынұлы шығармаларының аудио-жазбаларының онлайн байқауы

«Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ 2022 жылдың 11 сәуірі мен 09 қыркүйегі аралығында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет мұрасы — алтын қазына» атты ақын, аудармашы және қоғам қайраткерінің аудиожазба шығармаларының онлайн байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • қазақ мәдениеті мен қазақ халқының рухани мұрасын насихаттау
  • Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын зерттеуге балалар мен жастарды тарту
  • халықты отандық әдебиетті оқуға тарту
  • кітапханаларды насихаттау
  • дарынды жастарды анықтау

Байқауға қатысу тәртібі:

  • байқауға Павлодар қаласының 14 және одан жоғары жастағы тұрғындары онлайн-форматта қатыса алады;
  • байқау жұмыстары 2022 жылдың 11 сәуірінен 09 қыркүйегіне дейін қабылданады;
  • материалдар #cbspvlахметмұрасы хэштегін көрсете отырып, cdb2012@mail.ru электрондық пошта арқылы жіберіледі
  • инстаграм, фейсбук парақшасында #cbspvlахметмұрасы хэштегі арқылы видеороликті өз парақшасында  жариялау;
  • байқау кезінде парақша видеороликті көру үшін ашық болуы керек;
  • бір қатысушыдан бір ғана жазба ұсынылуы мүмкін;
  • конкурстың қорытындысын шығару үшін құзыретті қазылар алқасы құрылады;

Байқауға ұсынылған жазбалар сәйкес келуі тиіс:

  • байқау тақырыбына;
  • материалды креативті ұсыну;
  • материалдың сыртқы және мәтіндік безендірілуіне, сапасына;
  • егер үзінді болса, қандай шығармадан екенін атап өту керек.

Бейнематериалға қойылатын техникалық талаптар:

  • роликтің ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс;
  • хэштегті дұрыс көрсету;
  • материалды сапалы безендіру: фондық әуенмен, шығарма мазмұнына сәйкес сапалы бинетізбек;
  • оқушының даусы анық, ашық болып  фондық әуеннен ажыратылуы тиіс;
  • өз тегін, атын , жасын, ұйымын (мектеп), сыныбын белгілеу.

Марапаттау:

  • марапаттау жас санаттары бойынша өтеді:
  •  — 14 жастан 18 жасқа дейін (қоса алғанда)
  •  — 19 жастан жоғары
  • байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады;
  • жеңімпаздар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады.

Ұйымдастырушылар:    

«Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ.

 Байланыс телефондары: 

(7182)  54-93-04; 8 777 498 65 74
Айтжамал Каирбековна Кабылденова

Комментарии запрещены.