«Әуезов әлем» әдеби портрет

2022 жылдың 19 сәуірінде №43 мектептің мәжіліс залында №4 балалар кітапханасының кітапанашылары 5 сынып оқушыларына жазушы, драматург, ғалым қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әуезов әлем» атты іс-шара өткізді. Кітапханашылар жазушының  өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды. Абай поэзиясы жазушының болашақ тағдырына  орасан зор атқарды. Балалардың назарына кітап көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды. «Абай жолы» эпопеясы мен «Көксерек» повесі «Әлем әдебиетінің кітапханасы» сериясына енді. Кітапханашылар «Көксерек» кітабына  тоқталды. Балаларға оқиғаның қысқаша мазмұны айтылып, кітаптың басты кейіпкерлерімен таныстырды. О. Сүлейменовтың «Волчата» атты өлеңі оқылды. Табиғатқа қатысты жаман істері үшін адамға үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені бәрі бумеранг болып оралады. Шараға М. Әуезов туралы слайд дайындалынды.

Комментарии запрещены.