«Әлемге әйгілі Әуезов»

2022 жылдың 20 сәуірінде  «Оқитын ұлт»  жобасы аясында  «Абай жолы» өлмес эпопеясының авторы, қазақ әдебиетінің классигі М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әлемге әйгілі  Әуезов» атты әдеби сағаты өткізілді.  Кеш  қонақтары дарынды балаларға арналған лицей мектебінің 8 сынып оқушылары болды. Іс-шара барысында балалар жазушының  өмірі, шығармашылығы, жазушының қиын да даулы тағдыры, оның қоғамдық қызметі,  «Абай жолы» романы туралы білді. Балалар  М.Әуезовтің шығармаларынан үзінділер оқып, «Мұхтар Әуезов туралы 10 дерек» слайдын  тамашалады . Іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуатбек Нұрбақыт Орынбасарұлы шақырылды, оның әңгімесінен балалар Мұхтар Әуезовтың өміріндегі қызықты деректер туралы білді. Іс — шараға  «Мұхтар Әуезовтің мұрасы» атты көрмесі дайындалды,  онда М.Әуезовтің шығармалары, классиктің шығармашылығы туралы әдебиеттану басылымдары ұсынылды.

Комментарии запрещены.