Орталық қалалық кітапхана


Құрылған жылы: 1948

Басшы: Маралбаев Р.Г.

Байланыс телефоны: 8 (7182) 53-44-05

Құрылымы: Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі (абонемент, оқу залы, өнер бойынша әдебиеттер секторы, электрондық ресурстар залы); Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі; Толымдау және әдебиетті өңдеу бөлімі; Ақпараттық-библиографиялық бөлім; Біртұтас қорды пайдалану бөлімі.

Жұмыс кестесі:

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі: дүйсенбіден басқа аптаның барлық күндері; сағат 10.00-де сағат 19.00-ге дейін.

Ішкі бөлімдер: барлық жұмыс күндері.Демалыс күндері: сенбі мен жексенбі; сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.
Посмотреть на карте Павлодара


Кітапхана бөлімдері



Кітапхана тарихы


Павлодар облысының Мемлекеттік мұрағатының архив анықтамасында Орталық қалалық кітапхана №1 қалалық кітапханасы негізінде ашылғандығы туралы баяндалған. Кітапхана 1948 жылдан бері бар. Кітапхана қоры – 373 дана кітаптан, олардың ішінде 14 кітап қазақ тілінде. Кітапханаға 286 оқырман келді…». Кітапхананың алғашқы меңгерушілерінің бірі – Муза Николаевна Пахомова

1979 жылы Орталық қалалық кітапханасы Торайғыров көш. 44/1 мекенжайы бойынша жаңа ғимаратқа көшеді, бүгінгі күндері де кітапхана осы ғимаратта орналасқан. Жыл сайын Орталық кітапхана 9 000 астам пайдаланушыларға қызмет көрсетуде. 140 мыңнан астам құжаттар беріп, 6 мыңға таяу түрлі анықтамаларды орындап, 50 тарта ірі көпшілік іс-шараларды өткізеді. Көптеген танымал азаматтар кітапхана қабырғасында болған. Бұлар ақындар мен жазушылар: А.Шамкенов, Ә.Нұршайықов, Е.Евтушенко, В.Песков, В.Васильев, Б.Машрапов, Г.Беспалова, Ш.Байғалина, Ғ.Жұматов, В.Семерьянов, О.Григорьева және т.б.. Орталық кітапхана қызметкерлері «Сорос-Қазақстан» қоры гранты конкурсына қатысып тұрады. Оның нәтижесі он республикалық семинар мен конференцияларға қатысу болып табылды.

2003 жылы Орталық кітапхана республикамыздың барлық аймақтарының өз әріптестерін қабылдап, «Павлодар – кітапхана астанасы» атты кітапханашылар съезін өткізді. Соңғы жылдары кітапханаға күрделі жөндеу жасалды, жаңа жиһаз бен заманауи компьютерлер сатып алынды, кітапхана дизайні жаңартылды, Электронды ресурстар залын ашу бойынша жұмыстар да басталып кетті. Қазіргі уақытта П.Васильев ат. орталық қалалық кітапханасында: 20 компьютер, 2 көпфункциялых көшірме аппараты, 1 сканер, 1 түсті кешенді аппараты (сканер-принтер-копир), факс, телевизор мен видеоплеер, музыкалық орталық, сандық фотокамера бар. 2004 жылдың тамыз айынан бастап П.Васильев ат. орталық қалалық кітапханасына РАБИС электронды кітапханалық бағдарламасы сатып алынған, «Электронды каталог» деректер базасы құрылып, ай сайын толықтырылып отырады. Орталық қалалық кітапхана падаланушыларына толық қызмет көрсету мақсатында «Юрист» толықмәтіндік деректер базасы сатып алынды, «Ертістің Павлодар өңірі» толықмәтіндік деректер базасы құрылып, толықтырылып отырады. Қазіргі уақытта Орталық қалалық кітапхана ауданы – 973 кв.м.. Кітапхана қорын 92 287 астам әдебиет данасы құрайды, олардың ішінде мемлекеттік тілде -10 073 астам әдебиет бар. Кітапхананы пайдаланушылар сұрауын өтеу мақсатында кітапхана қоры қазіргі талаптарға жауап беретін ақпарат тасымалдағыштарымен (аудио, видео, CD, DVD) толымдалуда, олардың саны 2 000 данадан асты.

Комментарии запрещены.