Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Бөлімнің функциялары:

  • анықтама-библиографиялықаппаратты ұйымдастыру және жүргізу;
  • ақпараттық және анықтамалық қызмет көрсету;
  • библиографиялық және әдістемелік құралдар жасау;
  • кеңес-әдістемелік көмек көрсету;
  • кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру;
  • оқырмандарға ақпаратты іздеуге үйрету.

Дербес электрондық ресурстарды жасау 2004 жылғы тамыздан басталды. Бөлім «Мақалалар» деректер базасын (ДБ), «Павлодар Ертіс Өңірі» және «ОКЖ баспа беттерінде» толық мәтінді ДБ жүргізеді. Қазір мақалалрдың электронды каталогы 143611 библиографиялық жазбаны құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 60927 жазба. Өлкетану толық мәтінді ДБ 5740 мәтіндік құжатты құрайды.

«Мақалалар» ДБ электронды нұсқасын әрбір оқырман өз бетімен немесе кезекші библиографтың көмегімен пайдалана алады. Анықтама-библиографиялық аппараттың барлық бөлігін тиімді пайдалана отырып, библиографтар жыл сайын 1,5 мыңға жуық библиографиялық анықтаманы орындайды.

Өлке туралы білімдерді насихаттау библиографиялық басылымдардың түрлі нысандарының көмегімен жүзеге асады. Бөліммен электронды құралдар әзірленді: «Павлодар музейлері», «Павлодар ескерткіштері», «Өлке бейнесін өрнектеген» өлкетанушы, суретші, фотограф, Ұлы Отан соғысына қатысушы Иван Васильевич Лагутин/ «Патриарх павлодарской живописи – Иван Лагутин», «2020 жылдың мерейтой иелері — павлодарлықтар — Кеңес Одағының Батырлары».

Жыл сайын «Павлодар облысында аталып өтілетін және еске алынатын күндер» атты библиографиялық көрсеткіш әрбір келесі жылға шығарылады, Сондай-ақ, «Бір ел – бір кітап» акциясына, ОКЖ кітапханаларының жұмысы туралы барлық жарияланымдар көрсетілген «Жергілікті баспасөз беттеріндегі орталықтандырылған кітапхана жүйесі» атты ұсынылатын әдебиеттер тізімдері.

Мынадай тақырыптық, библиографиялық көрсеткіштер шығарылды: «Их именами названы улицы нашего города», павлодарлық ақын «П. Васильевке» атты жеке көрсеткіш; буктрейлерлер: О. Григорьеваның «Река и речь», С. Торайгыровтың «Алаш ұраны, Т. Гариповтың «Берега», М. Жаманбалиновтың «Алма ағашы», Т. Окольничьяның «Солнечная карусель» кітаптары бойынша.

әдебиеттердің ұсынылатын тізімі: «Өмірін қыл қаламмен өрнектеген» Бота Машраповтың шығармашылығы бойынша, «Ел құрметтеген ер тұлға» /О. Кожанов/, «Счастье заниматься любимым делом» /В. Болтина/, «Аңызға айналған есім» /Ермұхан Бекмаханов/, «Ізгілікті ізетпен үйлестірген» / С. Қ. /, «Арманның көп арманы» / А. Қани/, «Жырларым – елге мұра, ұрпаққа аманат» /С. Баязитов/, «Бала жүрек жыршысы» /М. Жаманбалинов/, және т.б.; бейнематериалдар:  «2020 жылдың мерейтой иелері — павлодарлықтар — Кеңес Одағының Батырлары, «Мемориал славы», «Кеңес Одағының Батырлары-павлодарлықтар, «Великая Отечественная война в прозе и кино», «Рахымжан Кошкарбаев», Абайдың 175 жылдығына орай «Жазғытұрым» өлеңі, ақын Т. Гариповтың «Берега» кітабі бойынша, 65 жасына орай буктрейлер, «1 Мая тарихы», «Чернобыль», «Ең үздік оқылымды 20 кітап», «Балаларға арналған ең көп оқылатын 20 кітап», «Майра Шамсутдинова», Х. Сейтенованың «Учителя. Фронтовики. Железинцы» атты кітабы, Ж. Сейтеновтың «Равнение на Победу» кітабы .

Кітапханашылардың кәсіби сауаттылығын арттыру үшін ақпараттық-библиографиялық бөлім анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыс бойынша библиосыныптар өткізеді (Жаңа қызметкер мектебі), әдістемелік құралдар мен нұсқаулық материалдар шығарылады.

Бөлім ақпаратты өз бетімен іздеуге жағдай жасай отырып, компьютерлік ақпарат көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, пайдаланушыларға көмек көрсетеді және оларға өздігінен ақпарат іздеуге көмектеседі.

Бөлім штатында – 3 библиограф.

Бөлім меңгерушісі: Бораналинова Айгүл Қанатбайқызы (тел. 53-38-80; cbs.ibo@mail.ru)

Комментарии запрещены.