Сирек кітаптар бөлімі

Әр кітапхананың көрнекті орындары және оның қорлары. ОКЖ құрылған жылдар бойы   кітапхана қорында қазақ, орыс  тілінде,  әлем халықтарының тілдерінде сирек және құнды басылымдар  жинақталған. Кітапхана қорында сақталған бірегей тарихи құжаттық көздердің санын есепке ала отырып, ОКЖ басшылығы кітапхананың жаңа бөлімі – сирек кітаптар бөлімін құру туралы шешім қабылдады. Коллекциялар  сирек қолжазбалар мен басылымдар экономикалық және мәдени дамуын және  белгілі бір тарихи кезеңді көрсетеді. Сондықтан Отан тарихын бейнелейтін жазба ескерткіштері ретінде сирек кітаптарға деген қызығушылық өте заңды.

Бүгінгі таңда сирек кездесетін және құнды кітап қоры қалыптасу үрдісінде. Ол тарихи, ғылыми және көркемдік құндылығы бар басылымдармен толықтырылады, бұл:

  • сирек және құнды кітаптар
  • реприттік басылымдар
  • шағын басылымдар
  • сирек кездесетін өлкетану басылымдары
  • қолтаңбалары бар кітаптар
  • Қазақстан халықтары тілдеріндегі басылымдар

 

Бөлім жұмысының негізгі бағыты

  • Қазақстан халықтары тілдеріндегі сирек кездесетін кітаптар мен әдебиет қорларын сипаттау және сақтау.
  • Сирек кітаптар көрмелерін, экскурсияларды, БАҚ-та жарияланымдарды, өзге де іс-шараларды ұйымдастыру.
  • Сирек және құнды кітаптар каталогтарын, көрсеткіштерін, буклеттерін шығару. Қорды сирек басылымдармен толықтыру.
  • ОКЖ кітаптарын қалпына келтіруді ұйымдастыру.
  • ОКЖ қорының сақталуын бақылау және оның қолданылуын талдау.
  • Каталог-индикатор бойынша ОҚК құрылымдық бөлімшелерінің қорын есепке алу.
  • Кітапхана қорларын түгендеу

Бөлім штатында 3 қызметкер: меңгеруші, кітапханашы, қалпына келтіруші

 Бөлім меңгерушісі: Жагипарова Сәуле Смағұлқызы (тел. 53-38-80)

Комментарии запрещены.