Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім

Бөлімнің функциялары:

  • ОКЖ құрылымдық бөлімшелеріне бірегей ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау.
  • Озат тәжірибені, ғылыми зерттеулер нәтижелерін, ОК мен барлық деңгейдегі әдістемелік орталықтардың ұсыныстарын зерделеу, жинақтау және ОКЖ жұмыс практикасына енгізу.
  • Қаланың өзге жүйедегі және ведомстводағы кітапханаларының жұмысын үйлестіру, оларға әдістемелік көмек көрсету.

Бөлімнің жұмыс мазмұны:

  • Кітапхана ісі саласындағы жалпымемлекеттік, өңірлік және жергілікті билік органдарының шешімдерін кітапханалардың орындауына ұйымдастырушылық, үйлестірушілік әдістемелік қолдау жасау;
  • ОКЖ кітапхана ісінің жағдайына талдау және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу;
  • ОКЖ кітапханаларының қызметін реттейтін бағдарламалық, жоспарлы және өзге құжаттамаларды әзірлеу;
  • ОКЖ кітапхана ісінің жай-күйі туралы статистикалық және мазмұндық ақпаратты жинау, талдау, өңдеу, сақтау және ұсыну;
  • ОКЖ кітапхана ісінің жай-күйі мен даму перспективасын зерделеу жөніндегі социологиялық және маркетингтік зерттеулерді үйлестіру, әзірлеу және өткізу;
  • Озат кітапханалық тәжірибені оқып-үйрену, оны ОКЖ кітапханаларына енгізуге көмектесу;
  • Кітапхана ісі жөніндегі әдістемелік материалдарды әзірлеу және басып шығару;
  • ОКЖ кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру іс-шараларын ұйымдастыру.

Ақпараттық база:

  • Қазақстан Республикасы мен Ресейдің кітапхана ісі туралы заңнама актілері;
  • Кітапханатану,библиография, кітаптану, кітапхана маркетингі мен менеджмент жөніндегі басылымдар;
  • Қазақстан мен Ресей кітапханаларының әдістемелік материалдары мен құралдары;
  • Кәсіптік мерзімдік басылымдар: «Кітапхана әлемі», «Кітапхана», «Мектептегі кітапхана», «Мектептегі мерекелер», «Библиотека», «Библиополе», «Библиотековедение», «Библиотечное дело», «Библиотека и закон», «Вестник Библиотечной Ассамблеи Евразии», «Независимый библиотечный адвокат», «Школьная библиотека», «Либерея»баспасының өнімдері;
  • Кітапханалар мен мектептерге арналғансценарийлері бар мерзімді басылымдар: «Досуг в школе», «Книжки, нотки и игрушки для Катюшки и Андрюшки», «Педсовет», «Последний звонок», «Праздник», «Праздник в школе», «Сценарии и репертуар», «Читаем, учимся, играем», «Школьные игры и конкурсы»;
  • Сценарлықтақырыптықдосье

Бөлім қызметкерлерінің штаты – 2 адам.

Бөлім меңгерушісі: Балакина Гульсара Кабдуллиновна (тел. 53-09-04; omo.cbs.pvl@mail.ru)

Комментарии запрещены.