«Жырлайды жүрек»

15.09.2023 ж. Ақын, журналист, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, облыстық Журналистер одағы сыйлығының иегері, Шолпан Байғалының туғанына 75 жыл толуына орай «Жырлайды жүрек» атты кездесу кеші өтті. Кешті Жәнібек Диас ақынға арнаған арнау өлеңімен бастады. Қаламыздың белгілі тұлғалары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, «Сағым жылдар» әжелер ансамблінің мүшелері кештің негізгі қонақтары болып, өздерінің мерейтой иесінің естеліктерімен бөлісе келе ақ тілектерін білдірді. Шолпан Байғалы апайымыз өзінің ақындық жолына қалай келгендігі және жазған шығармалары, істеген қызметтері туралы ойларымен бөлісті. Кеште «Құс қанат ғұмыр» әдеби клубінің мүшелері мен жоғарғы және арнаулы орта колледж студенттері ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыса, И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының және Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының әншісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Жоламанов Бекен Сағындықұлы Абайдың «Қөзімнің қарасы» мен «Туған күн» әндерін шырқады. Сонымен қатар, ақынның кітаптарынан «Сезімді қайтем тулаған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.