«Қызды тәрбиелеу – бүкіл халықты тәрбиелеу»

«Сырғалым» жобасы аясында 19 қыркүйек күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен №33 орта білім мектебінде «Қызды тәрбиелеу – бүкіл халықты тәрбиелеу» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, психологтар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Қазақ ежелден қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыздар – өмірдің гүлі, болашақ ана, ошақ қасының, бақыт пен берекенің қамқоршысы, халықтың тәрбиесі мен болашағы соларға байланысты деп есептелді. Білім саласының мәселелері көтеріліп, проблемалар мен оларды шешу жолдары әңгімеленді.

Комментарии запрещены.